Ст. 290 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
290-бап. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары
1. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілерінің арасында бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы санын, сондай-ақ көміртегі квотасы бірліктерінің резерві көлемін белгілейтін құжат болып табылады. 2. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын кезең көміртектік бюджеттеу кезеңіне сәйкес келуге тиіс.
Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының есептік кезеңі күнтізбелік бір жыл болып табылады.
4. Экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілері арасында тегін бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы саны парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларына сәйкес есептеледі.
5. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары резервінің санатына көміртегі бірліктері:
1) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын тиісті кезеңде пайдалануға берілетін жаңа квоталанатын қондырғылар үшін көміртегі квотасы бірліктерін тегін бөлу;
2) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын тиісті кезеңде анықталған, бұрын ескерілмеген квоталанатын қондырғылар үшін көміртегі квотасының бірліктерін тегін бөлу;
3) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын тиісті кезеңінде квоталанатын қондырғылардың қуаты ұлғайтылған жағдайда көміртегі квотасының қосымша бірліктерін тегін бөлу;
4) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын тиісті кезеңде квоталанатын қондырғылар санатына ауысатын әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін көміртегі квотасының бірліктерін тегін бөлу;
5) көміртегі квотасының бірліктерін аукцион шарттарында сату мақсатында енгізіледі.
6. Көміртегі квотасының бірліктері резервінің көлемі мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның ақпаратына сәйкес тиісті кезеңге арналған жалпы ішкі ұлттық өнімнің жыл сайынғы болжамды өсу қарқынының орташа көрсеткіші негізінде есептеледі.
7. Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Қондырғының шығарындылары жылына жиырма мың тонна көміртегі диоксидінен асатынын растайтын парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы верификацияланған есеп негізінде әкімшілендіру субъектілерінің қондырғысы квоталанатын қондырғылар санатына енгізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қондырғы парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы тиісті верификацияланған есеп ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап көміртектік квоталауға жатады.
9. Пайдалануға берілетін жаңа квоталанатын қондырғы пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап көміртектік квоталауға жатады.
10. Осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес көрсетілген резерв санатына енгізілген көміртегі бірліктері оларды аукцион шарттарында сатуды ұйымдастыру үшін көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторына беріледі.
11. Резервтен көміртегі бірліктерін сатудан түскен қаражат парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуін реттеу жөніндегі іс-шараларды, бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру үшін көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі операторының шотына түседі.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей