Ст. 291 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
291-бап. Көміртегі квотасының бірліктерін бөлу
1. Квоталау субъектілерінің арасында көміртегі квотасының бірліктерін бөлу оларды Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарында айқындалған көлем шегінде тегін бөлу және аукцион арқылы сату шарттарында жүзеге асырылады.
2. Квоталанатын қондырғылар үшін тегін бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің көлемі парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларына сәйкес бенчмарктерді қолдану арқылы есептеледі.
Бенчмарк деп квоталанатын парниктік газдар шығарылуының өнімнің бірлігіне шаққандағы үлестік көлемі түсініледі.
Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Көміртегі квотасының бірліктерін аукцион шарттарында сату арқылы бөлу осы Кодекстің 299-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Көміртегі квотасының бірліктерін есепке жатқызу үшін көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде автоматты түрде шот ашады.
5. Көміртегі квотасы Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде квоталанатын қондырғы операторының тиісті шотына есепке жатқызылады.
6. Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылатын шекте көміртегі квотасының бірліктері бір есептік кезеңнен басқасына ауыстырылуы мүмкін.
7. Көміртегі квотасының пайдаланылмаған (өтелмеген) бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару тәртібіне сәйкес Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының резервінен көміртегі нарығын тұрақтандыру резервіне ауыстырылады.
8. Кейінгі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарына немесе көміртегі нарығын тұрақтандыру резервіне ауыстырылған көміртегі квотасының бірліктерін қоспағанда, көміртегі квотасы бірліктерінің қолданылу мерзімі оларды бөлуге негіз болған тиісті Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының соңғы есепті жылынан кейінгі жылдың бірінші қазанында аяқталады.
Ескерту. 291-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 407-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағының немесе экологиялық зілзала аймағының құқықтық режиміРекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты ҚР Экологиялық кодексi 288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 293-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар Әскери есепке алу ҚР Экологиялық кодексi 93-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей