Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 300 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

ҚР Экологиялық кодексi
300-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі

1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі – көміртегі бірліктерін айналысқа енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, бұғаттауға, өтеуге, жоюға, айналыстан алуға байланысты операцияларды есепке алудың электрондық жүйесі. 

2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде әрбір квоталанатын қондырғыға қатысты жеке шот ашылады. 

3. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін әзірлеуді және жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады. 

4. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы қалыптастырады және жүргізеді. 

5. Көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің негізгі функциялары айналысқа енгізілген, сақтауда тұрған, берілген, сатып алынған, резервке қойылған, бұғатталған, жойылған, өтелген, айналыстан алынған көміртегі бірліктерін дәлме-дәл есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық тізілімдермен деректер алмасу болып табылады.
Статья 1 ...298 299 300 301 302 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте





Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться