Ст. 309 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
309-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеу
1. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу мынадай операцияларды қамтиды: 1) өнімдер мен жабдықтарды үстеп құю операцияларын қоса алғанда, өндірісте, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде не өзге де технологиялық процестерде озонды бұзатын заттарды пайдалану (бұдан әрі – озонды бұзатын заттарды пайдалану);
2) озонды бұзатын заттарды тасу;
3) озонды бұзатын заттарды сақтау;
4) машиналар мен жабдықтардағы, олардың құрауыш бөліктеріндегі, контейнерлердегі озонды бұзатын заттарды оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе оларды пайдаланудан шығару алдында алу, жинау және сақтау түсінілетін озонды бұзатын заттарды рекуперациялау;
5) озонды бұзатын заттардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды өңдеу түсінілетін озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру;
6) қалпына келтіруге жатпайтын озонды бұзатын заттарды рециркуляциялау немесе залалсыздандыру мақсатында механизмдерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығарар алдында алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату.
2. Озонды бұзатын заттарды рециркуляциялау (рециклдеу) – рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды қалпына келтірілгеннен кейін қайта пайдалану.
3. Озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру – озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін құрамдастарға тұрақты трансформациялауға немесе ыдырауға әкелетін бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою.
4. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган озонды бұзатын заттарды пайдаланып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасуға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 211-бап. Авариялар кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 240-бап. Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар ҚР Экологиялық кодексi 394-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 372-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму кезіндегі экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 268-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекараларыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей