Ст. 340 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
340-бап. Иесіз қалдықтарды басқару
1. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі анықталмаған қалдықтар сот шешімімен иесіз деп танылады және тұлғаның өтініші бойынша осы тұлғаның меншігіне түседі. 2. Жер учаскесінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылары өздерінің жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде осы қалдықтарды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдырғанын куәландыратын өзге де әрекеттерді жасап, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқығы бар.
3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы өз аумағында иесіз қалдықтарды анықтауға жауапты болады және осындай қалдықтардың болуы туралы хабарды алған кезден бастап алты ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге және осындай қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган иесіз қалдықтар табылған жағдайда да осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.
4. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімі бойынша республикалық немесе коммуналдық меншікке түседі.
5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы немесе жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
6. Жергілікті атқарушы орган сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен иесіз қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес басқаруды жүзеге асырады.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей