Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 339 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
339-бап. Қалдықтарға меншік құқығы және оларды басқару үшін жауапкершілік

1. Қалдықтар заттай құқықтар объектісі болып табылады. Қалдықтарға заттай құқықтардың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына байланысты қоғамдық қатынастар осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі. 

2. Қалдықтарды түзушілер өздері шығарған қалдықтардың меншік иелері болып табылады. 

3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қалдықтарды түзуші, қалдықтардың қазіргі және бұрынғы меншік иелері мұндай қалдықтарды осы Кодекстің 336 немесе 337-бабына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне берген кезге дейін "Ластаушы төлейді" қағидатына сәйкес қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты болады. 

Жиынтығында қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды орындауға құқығы жоқ тұлғаларға қалдықтар берілген жағдайда, қызметінің нәтижесінде осындай қалдықтар түзілетін тұлғаларға жауапкершілік жүктеледі. 

Коммуналдық қалдықтарды түзушілер қалдықтар түзілген кезден бастап олар қалдықтарды жинау, сұрыптау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға берілген кезге дейін қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуы үшін жауапты болады. 

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қалдықтарды жинау және тасу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар қалдықтарды иелігіне алған кезден бастап мұндай қалдықтарды осы Кодекстің 336 немесе 337-бабына сәйкес қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаға берген кезге дейін қалдықтарды игеру жөніндегі экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапты болады. 

4. Қалдықтардың иелері қалдықтарды өз бетінше қауіпсіз басқаруды жүзеге асыруға немесе сатылық қағидаты мен осы Кодекстің 327-бабының талаптарына сәйкес қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды беру арқылы оларды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге міндетті. 

5. Мемлекеттік меншік объектілерінде түзілетін немесе сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда мемлекет меншігіне түскен деп танылған қалдықтардың меншік иесі мемлекет болып табылады. 

6. Егер қалдықтардың меншік иесі оларға меншік құқығынан бас тарту мақсатында басқа тұлғаның меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесінде қалдықтарды қалдырса, осындай жер учаскесі меншігінде немесе жер пайдалануында болатын тұлға қалдықтарды пайдалануға кірісіп немесе оларды меншікке алғанын куәландыратын өзге де әрекеттерді жасап, осындай қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға, сондай-ақ көрсетілген қалдықтардың одан әрі пайдаланылуына қарамастан, бұрынғы меншік иесінің қалдықтарды жер учаскесіне қалдыруына байланысты өзі шеккен залалдарды өтеуін сот тәртібімен талап етуге құқылы. 

7. Қалдықтарды жинау, қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды беру, егер тараптар өзгеше шарттарда келісім жасаспаса, қалдықтарға меншік құқығының мұндай субъектілерге бір мезгілде өтуін, оның ішінде контейнерлік алаңдар аумағында орналасқан контейнерлерге немесе белгіленген қалдықтарды жинау орындарына қалдықтарды салу кезінде өтуін білдіреді. 

8. Қалдықтар орналасқан жер учаскесінің меншік иесі немесе жер учаскесінің жер пайдаланушысы өзгерген кезде қалдықтарға меншік құқығы туралы мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. 

9. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру кезінде қалдықтарға меншік құқығы, сондай-ақ оларды қауіпсіз басқару, жерлерді рекультивациялау және қалпына келтіру жөніндегі міндет, егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы объектілерді жекешелендіру шарттарында өзгеше көзделмесе, жаңа меншік иесіне өтеді. 

Ескерту. 339-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...337 338 339 340 341 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться