Ст. 338 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
338-бап. Қалдықтардың түрлері және оларды сыныптау
1. Шығу тегіне, қасиеттеріне және басқарылу технологиясына сәйкес ортақ белгілері бар қалдықтардың жиынтығы қалдықтардың түрі деп түсініледі.
Қалдықтардың түрлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қалдықтар сыныптауышы (бұдан әрі – қалдықтар сыныптауышы) негізінде анықталады.
2. Қалдықтар сыныптауышы қалдықтардың әрбір түрінің шығу тегі мен құрамы ескеріле отырып әзірленеді және қажет болған жағдайларда, қалдықтарды қауіптілерге немесе қауіпті еместерге жатқызу мақсатында қауіпті заттар концентрациясының лимиттеуші көрсеткіштерін айқындайды.
3. Қалдықтар сыныптауышында қалдықтардың әрбір түрі алты таңбалы код беру арқылы сәйкестендіріледі.
4. Қалдықтардың түрлері осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, қалдықтар сыныптауышына сәйкес қауіптілерге немесе қауіпті еместерге жатқызылады.
Қалдықтар сыныптауышындағы қалдықтардың жекелеген түрлері олардың құрамындағы қауіпті заттар концентрациясының деңгейіне немесе қалдықтар түрінің қауіпті сипаттамаларының адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және қоршаған ортаға ықпал ету дәрежесіне қарай әртүрлі кодтар беріле отырып ("айналы" қалдықтар түрі), бір мезгілде қауіпті және қауіпті емес деп айқындалуы мүмкін.
5. Қалдықтарды осы бапқа сәйкес қауіптілерге немесе қауіпті еместерге және қалдықтар сыныптауышының белгілі бір кодына жатқызуды қалдықтардың иесі өз бетінше жүргізеді.
6. Затты немесе материалды қалдықтар сыныптауышына енгізу мұндай затты немесе материалды қалдықтар санатына жатқызу кезінде айқындаушы фактор болып табылмайды. Қалдықтар сыныптауышына енгізілген зат немесе материал, егер олар осы Кодекстің 317-бабының талаптарына сәйкес қалдықтар анықтамасына сәйкес келсе, қалдықтар деп танылады.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей