Ст. 37 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
37-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (бұдан әрі – сапаның нысаналы көрсеткіштері) деп қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және қоршаған ортаны қорғау және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шаралардың қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі. 2. Сапаның нысаналы көрсеткіштері әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейінде белгіленеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге міндетті.
4. Әзірленген сапаның нысаналы көрсеткіштері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады және оларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті өкілді органдары бекітеді.
5. Әрбір облыс үшін әзірленетін және бекітілетін сапаның нысаналы көрсеткіштері тұтас облыс үшін де, облыс шегіндегі мына аумақтар:
1) аудандар;
2) халық саны 100 000 адамнан асатын елді мекендер;
3) өздерінің шегінде қоршаған орта жай-күйінің мониторингі нәтижелері бойынша сапаның экологиялық нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де елді мекендер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
5) өздерінің шегінде қоршаған орта жай-күйінің мониторингі нәтижелері бойынша сапаның экологиялық нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де аумақтар (акваториялар) үшін де тиісті көрсеткіштерді қамтуға тиіс.
6. Сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларын, оның ішінде өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің ережелерін ескере отырып бекітеді.
7. Өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төмен индикаторлар тізбесіне міндетті түрде:
1) атмосфералық ауаның сапасы;
2) жерүсті және жерасты суларының сапасы;
3) жердің және топырақтың сапасы;
4) әрбір жеке өңірдің климаты мен топырақ жағдайлары ескеріле отырып, ормандардың және жасыл екпелердің жиынтық алаңдары;
5) жердің тозуын және шөлейттенуін қысқарту;
6) ластағыш заттардың түрлері бойынша шығарындылардың жиынтық көлемі;
7) ластағыш заттардың түрлері бойынша және әрбір жеке су объектісі мен бассейні бойынша төгінділердің жиынтық көлемі;
8) коммуналдық қалдықтардың түрлері бойынша – оларды бөлек жинау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму) үлесі;
9) парниктік газдардың шығарылуын қысқартудың жиынтық көлемі енгізіледі.
8. Сапаның экологиялық нормативтері сақталмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер, аумақтар (акваториялар) үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері он жылдан аспайтын мерзімде сапаның экологиялық нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп белгіленуге тиіс.
9. Сапаның экологиялық нормативтері сақталатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында сапаның экологиялық нормативтерімен салыстырғанда қоршаған орта сапасының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, оның ішінде өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төмен индикаторлар тізбесіне кірмейтін индикаторлар үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей