Ст. 397 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
397-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мынадай: 1) бүлінетін және иеліктен шығарылатын жер алаңының барынша мүмкін болатын қысқаруын қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу әдістерін, технологияларын және тәсілдерін (оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу басталғанға дейін ұтымды схема бойынша кірме автомобиль жолдарын оза салу, ұңғымаларды салудың тармақтық тәсілін қолдану, ішкі үйінді түзетін технологияларды қолдану, өндіріс қалдықтарын қайталама ресурстар ретінде пайдалану, оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын прогрессивті жою және басқа да әдістер)техникалық, технологиялық, экологиялық және экономикалық тұрғыдан орынды болатындай шамада қолдану жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжатында негізделуге тиіс;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде жердің техногендік шөлейттенуін болғызбау жөніндегі;
3) жер қойнауының ластануын, оның ішінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде ластануын болғызбау жөніндегі;
4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, кен орындарын игеру объектілерін консервациялау және жою кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;
5) топырақтың жел эрозиясын, аршылған және жанасқан жыныстардың үйінділерін, өндіріс қалдықтарын, олардың тотығуы мен өздігінен жануын болғызбау жөніндегі;
6) сіңіргіш және тұщы су белдеулерінің ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау жөніндегі;
7) жерасты суының сарқылуы мен ластануын болғызбау жөніндегі, оның ішінде жуу сұйықтықтарын дайындау кезінде уытты емес реагенттерді қолдану;
8) бұрғылау ерітінділерін тазарту және қайта пайдалану жөніндегі;
9) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауіпсіз тәсілмен жою жөніндегі;
10) көмірсутектер кен орындарының қабатішілік қысымын ұстап тұру жүйесінде мұнай кәсіпшілігі ағындарын тазарту және қайта пайдалану жөніндегі шараларды көздеуге тиіс.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттарында көзделген шешімдердің, сондай-ақ мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) ұңғымалар мен тау-кен қазындыларының конструкциялары жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс;
2) дизель-генераторлы және дизель жетекті қондырғыларды қолдана отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шеңберінде бұрғылау және өзге де жұмыстарды орындау кезінде мұндай қондырғылардан тазартылмаған түтін газдың атмосфералық ауаға шығарылуы олардың техникалық сипаттамалары мен экологиялық талаптарына сәйкес келуге тиіс;
3) құнарлы жерлерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылысжайларды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргiзу процесiнде аумақты кейіннен рекультивациялау үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады;
4) ластағыш заттардың суға және топыраққа өтуін (шығып кетуін) болғызбау үшiн алаңдарды гидрооқшаулай отырып, өндіріс қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинақтау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғымалар салынған жағдайларда қамбасыз технологияны ғана қолдану қажет;
6) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру көлемін азайту және оның қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу кезiнде белгiленген талаптарға сәйкес бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн шламдарды кәдеге жарату және пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудың, карьердің және шахтаның сарқынды суын бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуге тиiс;
8) көмiрсутек негiзiнде (әктас-битум, инвертті-эмульсиялық және басқа да) бұрғылау ерiтiндiлерiн қолданған кезде ауа қабатының газдануының алдын алу жөнiндегi шаралар қабылдануға тиiс;
9) пирофорлық шөгiндiлердің, шлам мен керннің жану немесе адамдарды улау мүмкіндігін болғызбау мақсатында оларды көму жобаға сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша жүргізілуге тиіс;
10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құрылысжайларды пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда жүргiзiледi;
11) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар және жабдықтарды бөлшектеу аяқталғаннан кейiн жою жоспарында (жобасында) көзделген жобалық шешiмдерге сәйкес жерді қалпына келтiру (рекультивациялау) жөніндегі жұмыстар жүргiзiледi;
12) бұрғылау ұңғымалары, оның ішінде өздігінен төгілетін ұңғымалар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылу тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының реттегіш құрылғылармен жабдықтауына, консервациялауға немесе жоюға жатады;
13) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның сіңіргіш ұңғымаларды болжамды бұрғылау ауданында арнайы зерттеп-қараулар жүргiзілгеннен кейiн берілетiн оң қорытындылары болған кезде осы ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі;
14) келісімшарт аумағы шегінде ұңғымаларды консервациялау және жою Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мыналарға:
1) шаруашылық-ауызсу бар қабаттарға бұрғылау ерiтiндiлері мен материалдарын жiберуге;
2) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суды төгуге арналған сіңіргіш ұңғымалар шаруашылық ауыз-суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшiн пайдаланылатын сулы белдеуді ластау көзі болуы мүмкiн жағдайларда осы ұңғымаларды бұрғылауға;
3) сумен жабдықтау көздерiн санитариялық қорғау аймақтарында сiңiргіш ұңғымалар мен құдықтарды орнату;
4) құрамында радиоактивтi заттар бар пайдаланылған суды сіңіргіш ұңғымалар мен құдықтарға төгуге тыйым салынады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей