Ст. 52 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
52-бап. Стратегиялық экологиялық бағалау нысанасы
1. Стратегиялық экологиялық бағалау нысанасы іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін Құжаттардың жобалары, сондай-ақ қолданыстағы Құжаттарға енгізілетін, іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін өзгерістер және (немесе) толықтырулар болып табылады.
2. Қолданыстағы Құжатқа іске асырылуы қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мұндай қолданыстағы Құжат оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін жобамен бірге стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
3. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын, балық аулауды, энергетиканы, өнеркәсіпті (пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді қоса алғанда), көлікті, қалдықтарды басқаруды, су шаруашылығын, телекоммуникацияларды, туризмді, қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуды жоспарлауды, жерді пайдалану мен қорғауды дамытуға бағытталған Құжаттар міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
4. Осы баптың 3-тармағының қолданылу аясына жатпайтын Құжаттардың жобалары, егер олар қоршаған ортаға әсер ететін қызметке қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рұқсаттар беру немесе хабарламалар қабылдау шарттары болып табылатын немесе болуы мүмкін ережелерді көздесе және егер стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажеттігі осы Кодекстің 55-бабына сәйкес жүргізілетін Құжаттардың әсеріне скринингтің нәтижелері бойынша белгіленсе, міндетті стратегиялық экологиялық бағалауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға қолданылмайды.
5. Осы баптың 3-тармағында санамаланған Құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, егер Құжаттардың әсеріне скринингтің нәтижелері бойынша мұндай өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға стратегиялық экологиялық бағалау жүргізудің қажет емес екені белгіленсе, стратегиялық экологиялық бақылау жүргізілмейді.
6. Мыналар:
1) қаржы және бюджет салаларындағы құжаттар;
2) жалғыз мақсаты қорғанысты, ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылатын құжаттар міндетті стратегиялық экологиялық бағалау жүргізуді талап етпейді.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Жол жүрiсi туралы 37-бап. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға қойылатын негізгі талаптар ҚР Экологиялық кодексi 11-бап. Қоршаған ортаның ластануы ҚР Экологиялық кодексi 37-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей