Ст. 71 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
71-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау
1. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау мақсаты қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында жинақталуға және зерттелуге тиіс ақпараттың тәптіштелу дәрежесін және түрлерін, зерттеу әдістерін және мұндай ақпаратты ықтимал әсер ету туралы есепте беру тәртібін айқындау болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш тіркелген күннен бастап жиырма екі жұмыс күні ішінде, бірақ осы Кодекстің 68-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуі міндетті бағалануға жататын қызметке қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы Кодекстің 68-бабының 9-тармағына сәйкес қарауға келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтердің негізінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады және оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста орналастыра отырып, осындай қорытындыны бастамашыға жібереді.
3. Қамту саласын айқындау кезінде заманауи білім деңгейі, озық зерттеу әдістері, тиісті экономика саласындағы қазір бар техникалық мүмкіндіктер және қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректердің болуы ескерілуге тиіс.
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындыға қоршаған ортаға ықтимал әсерлердің түрін, оқшаулануын, сипаты мен ауқымын, сондай-ақ осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес хаттамаға енгізілген мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып:
1) белгіленіп отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің және оны жүзеге асырудың қоршаған ортаға әсерді бағалауды орындау кезінде зерделенуі тиіс балама нұсқаларына;
2) тәптіштелген зерделеуді талап ететін әсер ету түрлеріне және әсер ету объектілеріне;
3) әсерді бағалау саласына және оның әдістеріне қатысты ықтимал әсер ету туралы есепке қойылатын талаптар енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 83-бап. Бастамашының, әзірлеуші мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның трансшекаралық әсерді бағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен мін... ҚР Экологиялық кодексi 7-бап. Қоршаған ортаның сапасы ҚР Экологиялық кодексi 45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау объектілері мен рәсіміРекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 69-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат ҚР Экологиялық кодексi 68-бап. Экологиялық рұқсаттардың түрлерi О контроле специфических товаров Статья 30. Использование предоставленных документов и (или) информации в сфере контроля специфических товаров О торговом мореплавании Статья 67. Диспач Мемлекеттiк сатып алу туралы 20-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей