Ст. 73 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
73-бап. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар
1. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдері қатысатын қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жатады, олар осы бапқа және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (бұдан әрі – қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидалары) сәйкес өткізіледі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 72-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттар алынғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге ресми интернет-ресурста орналастырады;
2) ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарда орналастырады.
Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған күнінен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
4. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында таратылатын, қатысы бар аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан кемінде бір газетте және кемінде бір теле- немесе радиоарна арқылы қазақ және орыс тілдерінде таратуды ұйымдастыруға міндетті.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру қоғамдық тыңдауларды өткізу басталар күнге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдермен таратылуға тиіс. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің басталу күні осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен ерте болмай тағайындалуға тиіс.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) қоғамдық тыңдаулардың нысанасы;
2) қоғамдық тыңдаулар өткізудің орны, күні және басталу уақыты;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасымен, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмесімен танысуға болатын парақшасына сілтеме;
4) белгіленіп отырған қызмет бастамашысының деректемелері мен байланыс деректері;
5) белгіленіп отырған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжай мен телефон нөмірі;
6) ықтимал әсерлер туралы есептің жобасына мүдделі жұртшылық өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электрондық нысанда жібере алатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің электрондық мекенжайы мен пошталық мекенжайы.
5. Бастамашы жұртшылыққа оның сұратуы бойынша белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің, осы Кодекстің 68-бабының 10-тармағына сәйкес дайындалған хаттаманың, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытындының (ол жүргізілген жағдайда), қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытындының және ықтимал әсер ету туралы есеп жобасының көшірмелерін ұсынуға (электрондық нысанда) міндетті.
6. Қоғамдық тыңдауларды өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруларды тарату, мұндай тыңдаулар өткізілетін орынды қамтамасыз ету, қажетті аппаратура мен материалдарды беру жөніндегі шығыстарды бастамашы көтереді.
7. Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдауларды өткізу басталар күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) жіберуге не қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында өз ескертпелері мен ұсыныстарын ауызша айтуға құқылы.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтан алынған жазбаша нысандағы ескертпелер мен ұсыныстарды жиынтық кестеге енгізеді, ол ықтимал әсер ету туралы есептің жобасымен бірге қоғамдық тыңдауларға шығарылады.
8. Қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелер мен ұсыныстардың мәні нақты тұжырымдалмаған және оны ашпайтын немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде зерделенуге жататын мәселелерге анық қатысы жоқ ескертпелері мен ұсыныстары ескерілмейді.
9. Қоғамдық тыңдаулар оларға қатысуға ниет білдірген кез келген адамдар үшін олардың тұратын жеріне қарамастан, ашық болып табылады. Қоғамдық тыңдауларды өткізу процесінде оларға қатысушы кез келген адам қоғамдық тыңдауларды өткізудің белгіленген регламентіне сәйкес ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын білдіруге құқылы.
10. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің, оның ішінде регламентті бекітудің, хаттаманы ресімдеудің, хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берудің және хаттаманы жұртшылықтың назарына жеткізудің тәртібі қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында белгіленеді.
11. Қоғамдық тыңдаулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы өкілінің төрағалық етуімен өткізіледі.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулардың бүкіл барысының бейне- және аудиожазылуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық тыңдаулардың бейне- және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қоса тігілуге тиіс.
12. Қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
13. Қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша хаттама ресімделеді, оған міндетті түрде мыналар:
1) қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастаған ескертпелер мен ұсыныстарды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың осы баптың 7-тармағына сәйкес жазбаша нысанда ұсынылған немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында айтылған барлық ескертпесі мен ұсынысы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хаттамаға енгізілген әрбір ескерту және ұсыныс бойынша бастамашының жауаптары мен түсініктемелері;
3) хаттамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы туралы ақпарат енгізіледі.
14. Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасын ресімдейді және онда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады. Хаттамаға қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысы қоғамдық тыңдаулар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қояды.
15. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, қол қойылған хаттаманы ресми интернет-ресурста орналастырады.
16. Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қойылғаннан кейін:
1) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертпелері мен ұсыныстары болмаған кезде, қоғамдық тыңдаулардың төрағасы екі жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 76-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындау үшін қол қойылған хаттаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;
2) хаттамада мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған ескертпелері мен ұсыныстары болған кезде, бастамашы ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын осындай ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықтауды қамтамасыз етеді және ықтимал әсер ету туралы есептің пысықталған жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ықтимал әсер ету туралы есептің пысықталған жобасын алғаннан кейін қайтадан қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады, олар осы баптың 1 – 15 және 18-тармақтарына сәйкес өткізіледі.
18. Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген ескертпелер мен ұсыныстарға сәйкес пысықталған бөлігінде қаралады. Егер ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын пысықтау кезінде бастапқы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізілген қандай да бір ескертпе мен ұсыныс ескерілмесе, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде бастамашының ықтимал әсер ету туралы есептің жобасын осы бөлікте пысықтаудан бастамашының бас тартуы себептері де қаралады.
Қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу процесінде оларға қатысушы кез келген адам осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде қаралуға жататын мәселелер шегінде өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтуға құқылы. Көрсетілген мәселелерге жатпайтын ескертпелер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу кезінде ескерілуге жатпайды.
19. Бастамашы мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында олардың авторлары алып тастамаған ескертпелері мен ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, бастамашының тиісті пікірі қайталама қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына енгізіледі, содан кейін даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктер осы кодекстің 74-бабына сәйкес шешіледі.
Лучшие юристы





Добрый день!
Подскажите пожалуйста, если у меня есть решение суда что виновник ДТП виноват. Но ущерб по авто не возмещен. Судья ссылаясь на то, что я передала авто самостоятелно без принуждения, и я не являюсь потерпевшей, так как машина является моей собственностью и суд как бы не имеет никакого отношения. И этот мой иск по требованию возмещения ущерба с виновника спорно. Для чего мы обращаемся в суд, если закон меня не защитит если на мое имущество нанесли повреждения?!
Виновник виноват, НО он не обязан восстанавливать машину, так как это мои необдуманные действия как владельца авто - вот так вот примерно выразился суд. Как же сложно потерпевшим в нашей стране( Быть виноватым проще простого! Ничего не нужно говорить и доказывать
Здравствуйте, если гражданское лицо, подает жалобу через eotinish в надзорный орган, специалист органа имеет ли право изменять формулировку текста с "жалобы" на "заявление", назначают исполнителя далее согласно статье 65 АПК РК, отписывается в другой надзорный орган, где другой специалист вносит свою корректировку и "заявление" становится "сообщением"? И второй вопрос если Министерство здравоохранения отписывает управлению здравоохранения, соответственно управление после всех корректировок отписывает в поликлинику для обработки сути и ответа на обращение. Вопрос все выше перечисленные надзорные органы должны ли в последующем проконтролировать ответ и сроки?
Ответ:
Если переодевание в сменную одежду является обязательным для работы (использование данной одежды предусмотрено требованиями охраны труда), то время на переодевание следует отнести к рабочему времени работника.
К сожалению тут отсутствует информация касательно повторного использования резерва правительства на одни и те же цели в течении текущего года
Здравствуйте. Будьте добры, подскажите пожалуйста пункт, статью в законе, где прописано что НЕЛЬЗЯ использовать резерв Правительства ПОВТОРНО на одни и те же цели в течении текущего года.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей