Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 152 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
152-бап. Талап қоюды қайтару

1. Егер: 

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса; 

1-1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды прокурордың келісімінсіз берсе; 

2) іс осы соттың соттылығына жатпаса; 

3) талап қою осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса; 

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; 

5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса; 

6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса; 

7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса; 

8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе; 

9) талап қоюшы өзі берген талап қоюды қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қоюды қайтарады. 

2. Судья талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым талап қою сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс. 

3. Талап қоюды қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. 

4. Талап қоюды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. 

Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...505

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться