Ст. 23 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
23-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволығы
1. Егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тәртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды және шешеді. 2. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.
3. Осы Кодексте көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу істері соттардың ведомстволығына жатады.
4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
5. Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.
6. Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын және төрелік шешімдерді тану және орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
7. Төрелік шешімдердің күшін жою туралы және осындай шешімдерді мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
8. Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сәйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.
9. Мына:
1) қылмыстық істі тергеу кезінде қылмыстық қудалау органы;
2) соттың тәркілеуге жататын нәрселер көрсетілген мүлікті тәркілеу туралы, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған не заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау заты немесе құралы болып табылатын мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы үкімі (қаулысы) негізінде;
3) соттың әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәрсесін немесе затын тәркілеу туралы қаулысы негізінде салынған, адамдардың мүлкіне қатысты мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден шығару) туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.
Қылмыстық процесті жүргізетін орган әрекеттерінің заңдылығы, мүлікке тыйым салуға, оны тәркілеуге, мемлекеттің кірісіне айналдыруға қатысты мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен тексерілуге жатады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ҚР Азаматтық процестік кодексі 255-бап. Атқару парағын беруден бас тарту ҚР Азаматтық процестік кодексі 405-бап. Бiрiншi сатыдағы сот судьясының апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi ҚР Азаматтық процестік кодексі 192-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу ҚР Азаматтық процестік кодексі 34-бап. Істі бір соттың іс жүргізуінен алып, басқа сотқа беруРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 20-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҚР Азаматтық кодексi 160-бап. Жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 127-бап. Преюдиция ҚР Азаматтық процестік кодексі 153-бап. Қарсы талап қою ҚР Еңбек кодексi 40-бап. Жұмыскерді іссапарға жіберуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей