Ст. 30 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
30-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.
2. Заңды тұлғаға талап қою оның мүлкінің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.
3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.
4. Талап қоюшы әке болуды анықтау туралы және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін.
5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады. Өмірге және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талап қоюлар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің орналасқан жері бойынша беріледі.
6. Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін.
7. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын істер бойынша талап қоюларды қоспағанда, некені бұзу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған кезде берілуі мүмкін.
8. Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудан, процестік мәжбүрлеу шараларын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша берілуі мүмкін.
10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талап қоюлар жауапкердің немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
11. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
12. Бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талап қоюшыға тиесілі.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 96-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру ҚР Азаматтық процестік кодексі 152-бап. Талап қоюды қайтару ҚР Азаматтық процестік кодексі 37-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол берілмейтіндігі ҚР Азаматтық процестік кодексі 372-бап. Құжатты ұстаушыдан арыз келіп түскеннен кейінгі судьяның әрекеттері ҚР Азаматтық процестік кодексі 84-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлерді алуыРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 31-бап. Айрықша соттылық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 19-бап. Тұтынушының ойын бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы бойынша кінә қо... ҚР Азаматтық процестік кодексі 444-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 31. Исключительная подсудность ҚР Азаматтық процестік кодексі 191-бап. Аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей