Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
35-бап. Соттың құрамы

1. Соттың атынан әрекет ететін судья бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді жеке-дара қарайды және шешеді. 

2. Алып тасталды – ҚР 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-1. Осы Кодекстің 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша облыстық және оған теңестірілген сотта жеке-дара қарайды және шешеді. 

Осы Кодекстің 27-2-бабында көзделген азаматтық істерді кассациялық сотта судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді. 

4. Істерді апелляциялық сатыдағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының тақ санында (кемінде үш) жүргізеді, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады не судья осы Кодекстің 402-бабына сәйкес жеке-дара жүргізеді. 

5. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарауды сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен кассациялық сот судьяларының тақ санды (кемінде үш) соттың алқалы құрамы жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істерді жаңадан қарауға жіберген жағдайларда, кассациялық сот істерді сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды. 

6. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі. 

7. Нақты істі қарау үшін соттың құрамы оны қалыптастыруға сот талқылауының нәтижесіне мүдделі тұлғалардың ықпалын болдырмайтын тәртіппен судьялардың жүктемесі мен мамандануы ескеріле отырып, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып қалыптастырылады. 

8. Бір судья немесе сот құрамы қарауды бастаған істі сол судья немесе сот құрамы қарауға тиіс. 

Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сот арқылы банкроттық рәсімін, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды. 

9. Судьяны немесе судьялардың біреуін ауыстыру: 

1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен мәлімделген және қанағаттандырылған судья өздігінен бас тартқан немесе қарсылық білдірген; 

2) ауруына, демалысына, оқуда болуына, қызметтік іссапарда болуына орай судья ұзақ уақыт болмаған; 

3) егер тараптар арасында медиация өткізу кезінде келісімге қол жеткізілмесе және тараптардың істі осы судьяның қарауына келісімі болмаған жағдайда мүмкін болады. 

10. Судьяны ауыстыру оның өкілеттіктері заңда белгіленген негіздер бойынша тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда да жүргізіледі. 

11. Судья істі қарау процесінде ауыстырылған жағдайда сот талқылауы басынан бастап жүргізілуге тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда процестік әрекеттерді өзара алмасу тәртібімен бір судьяның орнына басқа судьяның жасауы, оның ішінде талап қоюды немесе арызды қабылдауы және іс бойынша іс жүргізуді қозғауы, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарауы, сот талқылауын кейінге қалдыруы судьяны ауыстыру болып табылмайды. 

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...505

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии









Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться