Ст. 446 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
446-бап. Сот актiсiн қайта қарау туралы кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысатын тұлға сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Өкіл сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарсылықтарға негіз болған дәлелдемелер мен заң нормаларына сілтеме жасап, іске қатысатын басқа да тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пiкiрдiң көшiрмелерi жiберiлгенiн растайтын құжат та пiкiрге қоса беріледi.
2. Пікір сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымның немесе прокурор наразылығының көшірмесі алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Пiкiрге iске қатысатын тұлға немесе оның өкiлi қол қояды. Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Пiкiрге өкілдің өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Ескерту. 446-бап жаңа редакцияда – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату ҚР Азаматтық процестік кодексі 159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру ҚР Азаматтық процестік кодексі 485-бап. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты даулар бойынша шет мемлекеттің соттық иммунитетін қолданбау ҚР Азаматтық процестік кодексі 358-бап. Істі сот талқылауына дайындау ҚР Азаматтық процестік кодексі 342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналы...Рекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 408-бап. Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір ҚР Азаматтық процестік кодексі 448-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру ҚР Азаматтық процестік кодексі 444-бап. Өтiнiшхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер ҚР Азаматтық процестік кодексі 440-бап. Наразылықтың мазмұны ҚР Азаматтық процестік кодексі 442-бап. Өтiнiшхатты немесе прокурордың наразылығын қайтаруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей