Ст. 503 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
503-бап. Шетелдік соттардың шешімдерін, шетелдік төреліктердің төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату
1. Егер осы Кодекстің 501-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген актілер оларда белгiленген мерзiмдерде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, осы актілер өз пайдасына шығарылған сот, төрелік талқылау тарапы дауды қараған жердегi не борышкердің тұрғылықты жеріндегі немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі тұрған жердегі сотқа оларды мәжбүрлеп орындату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.
2. Атқару парағын беру туралы арыздарға осы Кодекстің 501-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тиiстi түрде расталған төлнұсқа актілер немесе тиiстi түрде расталған олардың көшiрмелерi, сондай-ақ бар болған кезде төрелiк келісімнің төлнұсқасы немесе тиiстi түрде расталған оның көшiрмесi қоса берiледi. Егер көрсетілген актілер немесе төрелік келiсiмдер шетел тiлiнде жазылса, тарап олардың тиiстi түрде расталған қазақ немесе орыс тiлдеріне аудармасын табыс етуге тиiс.
3. Атқару парағын беру туралы арыздар осы Кодекстің 501-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді ерiктi түрде орындауға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктiрмей берiлуi мүмкiн.
4. Белгiленген мерзiм өтіп кеткен соң берілген не қажеттi құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қараусыз қайтарады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.
5. Сот көрсетілген мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, атқару парағын беру туралы арызды беру мерзiмiн қалпына келтiруге құқылы.
6. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде жеке-дара қарайды.
7. Өндiрiп алушының осы Кодекстің 501-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді мәжбүрлеп орындату туралы келіп түскен арыздары туралы, сондай-ақ олардың сот отырысында қаралу орны мен уақыты туралы сот борышкерге хабардар етедi. Өндiрiп алушы да өз арызының қаралу орны мен уақыты туралы хабардар етiледi. Егер борышкерден сот отырысына келуi мүмкiн болмауының дәлелдi себептерi көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арыздың қаралуына кедергi болмайды.
8. Сот осы Кодекстің 501-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыздарды қараған кезде оларды мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.
9. Сот арызды қарау нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Соттың атқару парағын беру туралы ұйғарымы дереу орындалуға жатады.
Ескерту. 503-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 475-бап. Шет мемлекеттердің органдары берген құжаттарды тану ҚР Азаматтық процестік кодексі 121-бап. Процестік әрекеттер жасау мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 62-бап. Заңды өкілдер ҚР Азаматтық процестік кодексі 401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 170-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуыРекомендованные страницы
Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 503. Принудительное исполнение решений иностранных судов, арбитражных решений иностранных арбитражей ҚР Азаматтық процестік кодексі 505-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қолданысқа енгізу ҚР Салық кодексi 665-бап. Салық органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі ҚР Азаматтық процестік кодексі 202-бап. Iске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерi және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу ҚР Азаматтық процестік кодексі 55-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей