Ст. 62 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
62-бап. Заңды өкілдер
1. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады. 2. Хабарсыз кетті деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде әрекет етеді.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде әрекет етеді.
4. Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік әрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Кәмелетке толмағанның, сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды.
Кәмелетке толмағанның, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше атқарады.
5. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер процестік әрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес.
7-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 94-бап. Сарапшыдан жауап алу ҚР Азаматтық процестік кодексі 418-бап. Іске қатысатын адамдардың сот отырысына келмеуінің салдарлары ҚР Азаматтық процестік кодексі 464-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беру ҚР Азаматтық процестік кодексі 475-бап. Шет мемлекеттердің органдары берген құжаттарды тану ҚР Азаматтық процестік кодексі 121-бап. Процестік әрекеттер жасау мерзімдеріРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету ҚР Азаматтық процестік кодексі 192-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу ҚР Азаматтық процестік кодексі 63-бап. Дәлелдемелер ҚР Азаматтық процестік кодексі 64-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы ҚР Азаматтық процестік кодексі 221-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей