Ст. 60 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
60-бап. Өкілдің өкілеттіктері
1. Тапсырма бойынша өкіл, талап қоюға қол қоюдан, iстi төрелікке, "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына беруден, татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (басқаға сеніп тапсырудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, ұйғарылған мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан және кассациялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымнан бас тартудан басқа, өкілдік етушінің атынан осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекетті жасауға құқылы.
2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген тапсырма бойынша өкілдер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларды немесе өзге де құжаттарды сұратуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
3. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.
4. Тапсырма бойынша өкіл өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өзі мүдделерін білдіретін адамның процестік құқықтарына ие болады және процестік міндеттерін атқарады.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету ҚР Азаматтық процестік кодексі 59-бап. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар ҚР Азаматтық процестік кодексі 169-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгерту, талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 58. Представительство по поручению Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 864-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тануРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей