Ст. 132 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
ҚР Салық кодексi
132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі
1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ, еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы. Бұл ретте осы талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер талап ету табыс етілген күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындауға тиіс.
2. Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұлар жөнінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабар береді.
Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiнікті ұсынуға мiндеттi.
Уәкілетті орган ұсынылған түсiнікпен келіспеген жағдайда, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні қосымша құжаттар мен түсiніктерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн шақыруға құқылы.
Уәкiлеттi орган мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша жазбаша түрде уәжді шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бесінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi шешіммен келiсу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 132-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей