Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 130 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2026

ҚР Салық кодексi
130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

1. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығы (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық):  

1) грант алушыға – Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сәйкес бенефициар болып табылатын және егер көрсетілген халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындайтын мемлекеттік органға;  

2) орындаушыға – грантты іске асыру мақсаттары үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға қайтарылуға жатады.  

2. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге төленген салықты қайтаруды салық органы, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса: 

1) қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісінен берілсе;  

2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер оларды өткізу үшін грант берілген мақсаттарда ғана сатып алынса; 

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді. 

3. Грант алушыларға немесе орындаушыларға салықты қайтару осы тараудың 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.  

4. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген салықты қайтару үшін грант алушы немесе орындаушы тұрған жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды: 

1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекеттің үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін; 

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін; 

3) салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін; 

4) тауарлардың тиеп жөнелтілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және осы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің алынғанын растайтын құжаттарды; 

5) көрсетілген салық сомасын бөліп көрсете отырып, салық төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны; 

6) жүкқұжатты, тауар-көлік жүкқұжатын; 

7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты; 

8) орындалған және грант алушы немесе орындаушы қабылдаған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген тәртіппен ресімделген актілерін; 

9) алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төленгенін, оның ішінде салықтың төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, салықтық өтінішті ұсынады. 

Осы баптың ережелері салық төлеушілер болып табылмайтын грант алушыларға немесе орындаушыларға да қолданылады.
Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться