Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 191 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
191-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі жалпы ережелер

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және салық органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағым жасау осы тараудың 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және қарау осы Кодекстің 192 – 198-баптарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады. 

Салық төлеуші (салық агенті): 

1) уәкілетті органға шағым берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады; 

2) сотқа талап қою берген жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағым жасалған бөлігінде орындау сот әкімшілік істі іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады. 

1-параграф. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

Статья 1 ...189 190 191 192 193 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться