Ст. 246 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
246-бап. Сыйақы бойынша шегерім
1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар сыйақылар болып танылады:
1) осы Кодекстің 1-бабының 62) тармақшасында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға жататын сыйақы сомасы осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісі бойынша айқындалады.
3. Осы Кодекстің 250-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жататын провизияларды (резервтерді) құруға құқылы тұлғаға және (немесе) осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаға міндеттемелер бойынша сыйақылар салық төлеуші немесе үшінші тұлға осындай салық төлеушінің міндеттемелері есебіне іс жүзінде төлеген:
1) есепті салықтық кезеңде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі;
2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде шығыстар деп таныған шығыстар сомасы шегіндегі мөлшерде шегерімге жатқызылуға жатады.
4. Сыйақыны шегеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
(А+Д+Е)+(КС/МС) х (ШК) х (Б+В+Г),
мұнда:
А – Б, В, Г, Д, Е көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;
Б – Д және Е көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, Г1 және Г2 көрсеткіштерінің сомасы;
Г1 – өзара байланысты тараптың депозитімен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Г2 – есепті салықтық кезеңде өзара байланысты тарап кепілдік, кепілгерлік немесе өзге қамтамасыз ету нысаны бойынша міндеттемелерді орындаған (қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асырған) жағдайда, өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етілген кепілдігімен, кепілгерлігімен немесе өзге қамтамасыз ету нысанымен берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жататын) сыйақы сомасы;
Д – мынадай:
Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін;
ұстаушысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан алынатын сыйлықақыны ескере отырып) түріндегі сыйақы сомасы;
Е – мынадай:
ұстаушылары бас компания болып табылатын еншілес ұйымдардың борыштық бағалы қағаздары бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан сыйлықақыны есепке ала отырып) түріндегі;
еншілес ұйымдардың бас компаниядан алған қарыздары бойынша сыйақы сомасы;
ШК – шекті коэффициент;
КС – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;
МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
А, Б, В, Г, Д, Е сомаларын есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс объектісінің құнына енгізілетін сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаттары үшін тәуелсіз тарап деп танылады.
Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін жалғыз қатысушысы ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компания, әрбір еншілес ұйымдағы акциялардың (қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық компанияға тиесілі болатын жағдайда, бас компания болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін:
1) меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы меншікті капиталдың есепті салықтық кезеңнің әрбір айының соңындағы орташа арифметикалық сомасына тең. Меншікті капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаттары үшін нөлге тең деп танылады;
2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы міндеттемелердің есепті салықтық кезеңнің әрбір айындағы орташа арифметикалық ең үлкен сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер;
жұмыскерлердің жалақысы және өзге де кірістері;
өзара байланысты тараптан алынатын кірістерді қоспағанда, болашақ кезеңдердің кірістері;
сыйақылар мен комиссиялар;
дивидендтер;
бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке жазылған бағалау міндеттемелері бойынша есепке жазылған міндеттемелер есепке алынбайды;
3) шекті коэффициент қаржы ұйымдары (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін 4-ке тең.
6. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы баптың 4-тармағының мақсаттары үшін осындай тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің меншікті капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсаттары үшін осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей