Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 303 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
303-бап. Осы параграфтың ережелерін қолдану тәртібі

1. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелері осы Кодекстің 304-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды салықтық есепке алу тәртібінің және жер қойнауын пайдаланушының осындай шығыстарды шегеруге жатқызу мөлшерін айқындаудың жекелеген мәселелерін белгілейді. 

2. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай: 

1) барлауға; 

2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге; 

3) жер қойнауын геологиялық зерттеуге; 

4) бірлескен барлау мен өндіруге; 

5) өндіруге дайындық жұмыстарын көздейтін өндіруге; 

6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылады. 

3. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай: 

1) осы тармақшада көрсетілген келісімшарттар бойынша операциялар көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 781-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 13-жолында көрсетілген кең таралған пайдалы қазбаларды, кендік емес пайдалы қатты қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған; 

2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған; 

3) осы Кодекстің 755-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылмайды.

Статья 1 ...301 302 303 304 305 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться