Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 312 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Салық кодексi
312-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру

1. Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін пайдалы қазбаларды табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыруға құқылы. 

2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыру бір мезгілде:  

1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда – мыналар:  

өндіру басталғанға дейінгі шығыстар; 

осындай келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау болып табылатын осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейінгі шығыстар; және 

өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының түзетулері ескеріле отырып, салықтық кезеңнің басында осындай келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен; 

2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуда – мыналар: 

- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту; 

- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. 

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша және (немесе) келісімшарттан тыс қызмет бойынша біреуден көп салықтық есепке алуға ауыстырылған жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың берілетін құндық балансы осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағында ортақ шығыстарды бөлу үшін белгіленген және жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында көрсетілген бөлу әдістерінің бірі негізінде осындай салықтық есепке алу арасында бөлінеді және ауыстырылады. 

4. Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі.

Статья 1 ...310 311 312 313 314 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться