Ст. 491 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
491-бап. Жалпы ережелер
1. Қосылған құн салығын төлеушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті.
Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу кезінде қолданылмайды.
2. Осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп-айырысулары:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша мұндай чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;
6) осы Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары, сондай-ақ жеке тұлғаларға өткізілетін, қосылған құн салығы салынатын қызметтер іске асырылған жағдайларда талап етілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайда қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 208-бабының 1-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген тауарларды:
1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
4. Мынадай:
осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында;
осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.
Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
5. Көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы. Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей