Ст. 326 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
326-бап. Цифрлық активтер шығып қалған кезде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Цифрлық активтер құнының өсімінен түсетін кіріс мынадай жағдайларда және салықтық кезеңдерде:
1) цифрлық активті өткізу кезінде – осындай цифрлық активті өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде;
2) цифрлық активті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – осындай цифрлық активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде танылады.
Осы баптың мақсатында жарғылық капиталға салымның құны ол бойынша жарғылық капиталға салым ретінде берілген цифрлық активтің құны болып табылады, ол активті қабылдауды және беруді растайтын құжаттың негізінде айқындалады, бірақ төлеу есебіне актив берілген сомадан аспайды;
3) бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде цифрлық актив шығып қалған кезде – таратудың салықтық есептілігі ұсынылған салықтық кезеңде;
4) бөлу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде цифрлық актив шығып қалған кезде – бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде танылады.
2. Цифрлық активтер құнының өсімінен түсетін кіріс мынадай:
1) өткізу кезінде – өткізу құны мен цифрлық активтің бастапқы құны арасындағы оң айырма;
2) цифрлық активті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – ол жарғылық капиталға салым ретінде берілген цифрлық активтің құны мен осы цифрлық активтің бастапқы құны арасындағы оң айырма;
3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген цифрлық активтің құны мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма сомасында айқындалады.
3. Мыналар цифрлық активтің бастапқы құны болып табылады:
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оны сатып алуға нақты шығындардың, цифрлық активті сатып алуға байланысты және оның құнын ұлғайтатын шығындардың жиынтығы
және (немесе)
жарғылық капиталға салым ретінде берілген цифрлық активтің құны
және (немесе)
жарғылық капиталға салым ретінде алынған цифрлық активтің құны
және (немесе)
егер цифрлық актив қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынса – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн
және (немесе)
егер цифрлық активті акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капиталы азайған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы цифрлық активті немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде алса – акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілген мүліктің орнына алынатын (алынған) цифрлық активтің қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмей, мүлікті беру күніне беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген), цифрлық активтің берілгенін растайтын және тараптардың қолтаңбаларымен куәландырылған құжатта көрсетілген баланстық құны
және (немесе)
осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүліктің құны түріндегі жылдық жиынтық кіріске енгізілген құн – егер цифрлық актив өтеусіз алынса,
қосу
осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көзделген шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес цифрлық активтердің құнын ұлғайтатын, оның ішінде оларды сатып алғаннан кейін ұлғайтатын басқа да шығындар.
4. Осы баптың ережелерін осы Кодекстің 325-бабының 1-тармағына сәйкес цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен түсетін кіріс айқындалған жағдайда цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар қолданбайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, цифрлық активтер шығып қалған кезде теріс айырма туындаған кезде мұндай теріс айырма цифрлық активтер шығып қалған салықтық кезеңнің цифрлық активтері шығып қалған кезде туындайтын құн өсімінен түсетін кірісті азайтады.
Салықтық кезеңде осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда теріс айырма асып кеткен кезде мұндай сомалар залал деп танылады және талап қою мерзімі ішінде тек қана цифрлық активтерді өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен кірістер есебінен өтелуі мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 749-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері Ардагерлер туралы 3-бап. Ардагерлер және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар ҚР Салық кодексi 781-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері ҚР Салық кодексi 512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей