Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 388 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Салық кодексi
388-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу

Ескерту. 388-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады. 

Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге қатысты қолданылады. 

2. Осы баптың мақсаттары үшін: 

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады; 

2) әуе кемесі шет мемлекеттің шекарасын кесіп өтетін әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады; 

3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің бар-жоғына қарамастан, тасымалды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері: 

екі немесе одан көп мемлекеттің аумағында; 

егер басқа мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекеттің аумағында орналасқан әуе тасымалы халықаралық әуе тасымалы деп танылады. 

Егер Қазақстан Республикасының аумағы жөнелту және межелі пункттер болып табылса, осы тармақшаның үшінші абзацының ережесі қолданылмайды. 

3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады: 

1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты; 

тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі). 

Бұл ретте өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: 

тіркелген мемлекеті көрсетіле отырып, авиакомпанияның атауы; 

әуе кемесінің болжамды қону күні. 

Форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды. 

Осы тармақшаның мақсаттары үшін: 

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады; 

тұрақты рейс анықтамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады; 

2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: 

авиакомпанияның атауы; 

құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері; 

әуе кемесіне май құйылған күн; 

әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары. 

Осы тармақшаның ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қолданылмайды; 

3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат; 

4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және уәкiлеттi орган азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы. 

Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның қызметшісі осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады. 

Ескерту. 388-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 208-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...386 387 388 389 390 ...781

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.


Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться