Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 781 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
781-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалар: 

Р/с №  Пайдалы қазбалардың, минералды шикізаттың, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткен минералды шикізаттың атауы  Мөлшерлемелер, пайызбен (%)   
 
1.  Қара, түстi металдар кенi  Хром кені (концентрат)  21,06   
Марганец, темір-марганец кенi (концентрат)  3,25   
Темір кенi (концентрат)  3,64   
2.  Металдар  Мыс  8,55   
Мырыш  10,5   
Қорғасын  10,4   
Платина, палладий  6,5   
Алюминий  0,38   
Қалайы  3,9   
Никель  7,8   
3.  Құрамында металдар бар минералды шикізат  Ванадий  5,2   
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар  7,8   
4.  Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат  Ниобий, лантан, церий, цирконий  7,7   
Галлий  1,0   
5.  Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат  Селен, теллур, молибден  7,0   
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, талий, гафний, рений, осмий  6,0   
6.  Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат  Радий, торий  5,0   
7.  Құрамында сирек металдар бар минералды шикізат  Литий, бериллий, тантал, стронций  7,7    
8.  Құрамында жерде сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат  Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютений, иттрий  6,0    
Құрамында кендік емес пайдалы қатты қазбалар бар минералды шикізат 
9.  Жанатын, химиялық және агрономиялық минералды шикізат  Кокстелетін тас көмір, антрацит  4,05   
Тас көмір (кокстелетін және антрациттен басқа), қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар  2,7   
Фосфориттер  4,0   
Бораттар, оның ішінде бор ангидриті  3,5   
Калий және калий-магний тұздары  6,0   
Барит  4,5   
Тальк  2,0   
Гипс  5,6   
Күкірт  6,0   
Флюориттер  3,0   
Воластанит  3,5   
Шунгит  2,0   
Графит және басқалар  3,5   
Жарқырауық тас шикізаты: 
10.  Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат  Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар  12,0   
11.  Құрамында өңделетін тастар бар минералды шикізат  Нефрит, яшма, жадеит, лазурит, радонит, малахит, авантюрин, агат, тау хрусталі, қызғылт кварц, бирюза, диоптаз, халцедон және басқалар  3,5    
12.  Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат  Техникалық алмастар, агат, корунд, циркон, яшма, серпентинит, асбест, слюда және басқалар  2,0    
13.  Өзгелері  Өзге де минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар
Кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын өзге де кендік емес минералды шикізат 
4,7, бірақ көлем бірлігіне 0,02 айлық есептік көрсеткіштен кем емес   

 

2) уран (өнімдік ерітінділерден алынған, шахталық әдіс) жылдық өндіру көлеміне және табиғи уран концентратының (U3O8) бағасына қарай: 

Р/с №  Жылдық өндіру көлемі  Мөлшерлеме, пайызбен (%) 
1.  500 тоннаны қоса алғанға дейін   4  
2.  1 000 тоннаны қоса алғанға дейін  6  
3.  2 000 тоннаны қоса алғанға дейін 
4.  3 000 тоннаны қоса алғанға дейін  12  
5.  4 000 тоннаны қоса алғанға дейін  15  
6.  4 000 тоннадан астам  18  

 

Бұл ретте табиғи уран концентратының (U3O8) орташа өлшемді бағасы төмен белгіленген бағалардан асып кеткен жағдайда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі мынадай мөлшерге ұлғаяды:  

Р/с
№ 
Табиғи уран концентратының (U3O8) орташа өлшемді бағасы  Мөлшерлеме, пайызбен (%) 
1.  бір фунт үшін 70 доллардан жоғары  0,5 
2.  бір фунт үшін 80 доллардан жоғары  1,0 
3.  бір фунт үшін 90 доллардан жоғары  1,5 
4.  бір фунт үшін 100 доллардан жоғары  2,0 
5.  бір фунт үшін 110 доллардан жоғары  2,5 

 

3) бағасына қарай алтын: 

Р/с №  Алтынның орташа биржалық бағасы  Мөлшерлеме, пайызбен (%) 
1.  троя унциясы үшін 2 800 долларды қоса алғанға дейін  7,5  
2.  троя унциясы үшін 3 000 долларды қоса алғанға дейін  8  
3.  троя унциясы үшін 3 200 долларды қоса алғанға дейін  8,5 
4.  троя унциясы үшін 3 400 долларды қоса алғанға дейін  9  
5.  троя унциясы үшін 3 600 долларды қоса алғанға дейін  9,5 
6.  троя унциясы үшін 3 800 долларды қоса алғанға дейін  10  
7.  бір троя унция үшін 3 800 доллардан жоғары   11  

 

4) бағасына қарай күміс: 

Р/с №  Күмістің орташа биржалық бағасы  Мөлшерлеме, пайызбен (%) 
1.  троя унциясы үшін 28 долларды қоса алғанға дейін  7,5  
2.  троя унциясы үшін 30 долларды қоса алғанға дейін  8  
3.  троя унциясы үшін 32 долларды қоса алғанға дейін  8,5 
4.  троя унциясы үшін 34 долларды қоса алғанға дейін  9  
5.  троя унциясы үшін 36 долларды қоса алғанға дейін  9,5  
6.  троя унциясы үшін 38 долларды қоса алғанға дейін  10  
7.  бір троя унция үшін 38 доллардан жоғары   11  

 

Бұл ретте өндірілген тас көмірге (кокстелетіннен және антрациттен басқа), қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай жағдайларда: 

1) табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осындай өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі қызметтерді ұсыну үшін пайдаланған; 

2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды осы баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектісіне өткізген; 

3) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына өткізген; 

4) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға өткізген; 

5) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды қайта өңдеген және (немесе) оларды өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған; 

6) энергия өндіруші ұйым болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждықтары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланған; 

7) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес өз мұқтаждықтары және (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін энергия өндіруші ұйымға өткізген; 

8) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген тас көмірді, қоңыр көмірді, жанғыш тақтатастарды Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндіру кезінде оларды қайта өңдеуді және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарға өткізген жағдайларда 0,01 коэффициенті қолданылады. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қатты қазбалардың және минералды шикізаттың барлық түріне салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді. 

Осы тараудың мақсаттарында баланстан тыс қорларға мыналар жатады: 

KAZRC кодексі бойынша қорларды есепке алуға көшудің алдындағы күнгі жағдай бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның кен орны бойынша баланстан тыс қорлар етіп бекітуі негізінде осындай қорларға жатқызылған пайдалы қатты қазбалар мен минералды шикізат; 

KAZRC кодексі бойынша қорларды есепке алуға көшкеннен кейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жүзеге асырылған жағдайда, баланстан тыс қорларға көлемдері болжанатын минералды ресурстар санатына енгізілген және тиісті салықтық кезеңде дәлелденген немесе ықтимал минералды қорлар болып табылмайтын, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар жатады. 

Бұл ретте баланстан тыс қорлар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі қолданылмайды. 

2. Егер осы Кодекстің 753-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келетін кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейі 5 және одан аз пайызды құраса, мұндай кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобында, кен орнының бір бөлігінде) өндірілген пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы Кодексте белгіленген мөлшерлемелерін қолдануға құқылы. 

Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орнының тобы, кен орнының бір бөлігі) осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған төмен рентабельділік өлшемшарттарына іс жүзінде сәйкес келмеген кезде жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер негізінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелерді қайта есептеуді осындай өлшемшарттар сақталмаған күнтізбелік жылдың әрбір тиісті салықтық кезеңі үшін жүргізеді және алынған мәндерді тиісті салықтық кезеңдер үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларацияларда көрсетеді. 

Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу (жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшіру) не пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру (жер қойнауы учаскесін бөлу) үшін берілген жер қойнауы учаскелерін түрлендіру жүзеге асырылған кен орындарына да (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобына да, кен орнының бір бөлігіне де) қолданылады. 

3. Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы өнеркәсіптік өндіру басталған кезден бастап алпыс ай ішінде 0 пайыз мөлшерлеме бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде есептеледі: 

1) кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобында, кен орнының бір бөлігінде) минералды шикізатты өнеркәсіптік өндіру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған талаптар сақталған кезде 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталды; 

2) кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі 15 пайыздан аспайды; 

3) өзара байланысты тараптың пайдасына иеліктен шығаруды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мөлшерлемесі қолданылған кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы тармақтың ережелерін қолдану кезеңі ішінде иеліктен шығаруға жатпайды. 

Осы тармақтың мақсаттарында кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес айқындалады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында белгіленген шарттар сақталмаған кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тармақтың ережелерін қолданудың бүкіл кезеңі үшін осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерлемелер бойынша төленеді. 

Кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген көрсеткішке жеткен кезде жер қойнауын пайдаланушы осындай өлшемшарттар сақталмаған күнтізбелік жылдың әрбір тиісті салықтық кезеңі үшін алынған мәндерді тиісті салықтық кезеңдер үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша қосымша декларацияларда көрсетеді. 

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелер қайта есептелгеннен соң кейінгі кезеңдерде рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі 15 пайыздан төмен төмендеген жағдайда, салық төлеуші осы кейінгі кезеңдер үшін осы тармақтың ережелерін қолдануға құқылы емес. 

Осы тармақтың және осы Кодекстің 782-бабының мақсаттарында өнеркәсіптік өндіру деп пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезеңі түсініледі, оған көшуді жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органға аталған кезеңнің басталатын айы мен жылын көрсете отырып, осындай көшуге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті хабарлама жолдау арқылы жариялайды. 

Бұл ретте осы тармақта көзделген, пайдалы қазбаларды өндіру салығын 0 пайыз мөлшерлемемен есептеу өндіруге арналған келісімшарттан (өндіруге арналған лицензиядан) немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттан (өндіру кезеңінде) бөлінген кен орындары (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша қолданылмайды.

Статья 1 ...779 780 781 782 783 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться