Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 453 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Салық кодексi
453-бап. Шот-фактура

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураларды жазып беру тәртібі осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес айқындалады. 

2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жазып беріледі. 

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ онда:  

1) өткізу бойынша айналым жасалған күн; 

2) тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте сатып алушы салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс. 

5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушысы алуға жататын тауарларды (лизинг нысанасын) лизингке берген кезде шот-фактура сыйақы есепке алынбай әрбір лизингтік төлемнің күніне лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде жазып беріледі. 

Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің – лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетілуге тиіс. 

6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі. 

Өзге жағдайларда импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 47-тарауында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі. 

Ескерту. 453-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...451 452 453 454 455 ...780

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.


В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться