Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 454 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
454-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым

1. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны осы Кодекстің 50-тарауында көзделген тәртіппен жазып береді. 

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер: 

1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 474-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса; 

2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.

3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 17-бабында көрсетілген заңды тұлғаларға осындай жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе; 

4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы Кодекстің 518-бабына сәйкес айқындалатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық салынатын импорттың мөлшеріне енгізілсе; 

5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 452-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің айналымы болып табылса; 

6) бейрезиденттен алынған электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес шетелдік компания төлеген қосылған құн салығының сомасы енгізілсе, бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды. 

Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіндегі немесе қызметтер көрсету фактісін растайтын өзге құжаттағы бөлінген салық сомасы шетелдік компанияның электрондық нысанда көрсетілген қызмет құнына қосылған құн салығының сомасын енгізгенін растау болып табылады.

Статья 1 ...452 453 454 455 456 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться