Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 467 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.10.2026

ҚР Салық кодексi
467-бап. Тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым

1. Осы Кодекстің 474-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады. 

ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады. 

2. Мыналар тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады: 

1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт); 

2) осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ ЕАЭ-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі; 

3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар: 

магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы; 

уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi; 

4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері. 

Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-беру актісі ұсынылады; 

5) зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ оның құнын растауы; 

6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері; 

7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі. 

3. Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 

1) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі; 

2) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып ресiмделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі; 

3) кедендік аумақта қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi; 

4) шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі. 

4. Салық органдарының ақпараттық жүйесінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Статья 1 ...465 466 467 468 469 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться