Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 490 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы

1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы: 

1) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өндірушілер; 

2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады: 

етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімін өндіру; 

балықты, шаян тәрізділер мен моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу; 

жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу; 

өсімдіктер мен жануарлардың майларын және тоңмайларды өндіру; 

сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру; 

ұн-жарма өнімдерін өндіру; 

крахмал мен крахмалдан жасалған өнімдерді өндіру; 

нан, тоқаш өнімдерін, құймақ өндіру; 

қант өндіру; 

салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру; 

балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру; 

ашытқы өндіру; 

жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру; 

былғарыны илеу және өңдеу, теріні өңдеу және бояу, тоқыма талшықтарын дайындау және иіру, жүн талшығын дайындау, жүн талшығын иіру; 

3) мыналар: 

өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін өткізу; 

өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу; 

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері. 

Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды. 

Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер: 

осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды; 

осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы. 

Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады: 

ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал; 

ҚҚСер 2 = ҚҚСеж – ҚҚСер 1, мұнда: 

ҚҚСер 1 – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

ҚҚСеж – осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін; 

А сс – осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы; 

А жал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы; 

ҚҚСер 2 – өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін. 

Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 488 және 489-баптары ескеріле отырып айқындалады. 

Өзге айналым бойынша қосылған құн салығын осындай төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 488-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы. 

3. Егер тұлға шетелдік адам, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес. 

4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: 

ҚҚСеқ = (ҚҚСсс – ҚҚСер – ҚҚСак) х 80 %, мұнда: 

ҚҚСеқ – есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы; 

ҚҚСсс – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы; 

ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 488 және 489-баптарына сәйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады; 

ҚҚСак – есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы. 

Алынған нөлдік немесе теріс мән салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды. 

50-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ШОТ-ФАКТУРА ЖАЗЫП БЕРУІ

Статья 1 ...488 489 490 491 492 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться