Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 537 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
537-бап. Акциздердің мөлшерлемелері

1. Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. 

2. Өздеріне қатысты аралас (бекіген (өзіндік ерекше) және адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерден тұратын) салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы бекіген (өзіндік ерекше) салықтық мөлшерлеме мен заттай түрде өткізілген (берілген, әкелінетін) акцизделетін тауарлар көлемінің көбейтіндісі ретінде және осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек саудадағы бағасының адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сәйкес келетін пайыздық үлесі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нәтижесінде алынған сома болып есептеледі.  

3. Алкоголь өніміне акциздердің мөлшерлемелері осы баптың 1-тармағына сәйкес не оның құрамындағы сусыз (жүз пайыздық) спирттің көлемдік үлесіне қарай бекітіледі. 

4. Спирттің барлық түріне және толысылған шарапқа (шарап материалына) акциз мөлшерлемелері спиртті және толысылған шарапты (шарап материалын) одан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады. 

5. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздердің мөлшерлемелері олардың осы бапқа сәйкес айқындалатын құнына пайыздармен белгіленеді. 

6. Акциз сомаларын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша: 

1) осы Кодекстің 536-бабының 1) – 4), 6) – 10) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға: 

Р/с
№ 
ЕАЭО СЭҚ ТН коды  Акцизделетін тауарлардың түрлері  Акциздердің мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) 
1.  2207-ден  80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссiз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа)  600 теңге/литр 
2.  2207-ден  Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)  1,0 теңге/литр 
3.  2208-ден  Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын және белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа  2550 теңге/литр 100 % спирт 
4.  2207-ден  Емдік және фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті  600 теңге/литр
100 % спирт 
5.  2207-ден  Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті  0 теңге/литр 
6.  2208-ден  Денатуратталмаған этил спирті, алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер  75 теңге/литр
100 % спирт 
7.  3003, 3004-тен  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім  500 теңге/литр
100 % спирт 
8.  2205, 2206, 2208-ден  Алкоголь өнімі (шараптан, толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа)  2850 теңге/литр
100 % спирт 
9.  2204-тен  Шарап  38 теңге/литр 
10.  2204-тен  Толысылған шарап (шарап материалы) (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)  180 теңге/литр 
11.  2204-тен  Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын толысылған шарап (шарап материалы)  1 теңге/литр 
12  220 300  Сыра және сыра сусыны  99 теңге/литр 
13.  2202 91 000 0  Этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны  0 теңге/литр 
14.  2402-ден  Фильтрлі сигареттер:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
18 051 теңге/1 000 дана
21 163 теңге/1 000 дана
21 880 теңге/1 000 дана
23 279 теңге/1 000 дана
25 607 теңге/1 000 дана 
15.  2402-ден  Фильтрсіз сигареттер, папиростар:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
18 051 теңге/1 000 дана
21 163 теңге/1 000 дана
21 880 теңге/1 000 дана
23 279 теңге/1 000 дана
25 607 теңге/1 000 дана 
16.  2402-ден  Сигариллалар:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
18 051 теңге/1 000 дана
21 163 теңге/1 000 дана
21 880 теңге/1 000 дана
23 279 теңге/1 000 дана
25 607 теңге/1 000 дана 
17.  2402-ден  Сигаралар  825 теңге/дана 
18.  2403-тен  Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, қорқорлы және өзге де темекі:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
15 863 теңге/килограмм
18 835
теңге/килограмм
19 692
теңге/килограмм
20 719
теңге/килограмм
22 791 теңге/килограмм 
19.  2403, 2404-тен  Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер):
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
11 230 теңге/1 000 дана
11 330 теңге/1 000 дана
11 430 теңге/1 000 дана
11 640 теңге/1 000 дана
12 803 теңге/1 000 дана 
20.  2709 00-ден  Шикі мұнай, газ конденсаты  0 теңге/ тонна 
21.  8702-ден  Шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары  100 теңге/текше см 
8703-тен  Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға әдейі арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 
8704-тен  Қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға әдейі арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) 
22.  2204, 2205, 2206 00 және 2208-ден  Құны кедендік құнынан 500,0 мың теңгеге асатын алкоголь өнімін импорттау (жеке тұтынудан басқа)  құнынан 10 %, теңге/литр 
23.  2402-ден  Құны кедендік құнынан 10,0 мың теңгеге асатын темекі бұйымдарын (сигараларды) импорттау (жеке тұтынудан басқа)  құнынан 10 %, теңге/дана 
24.  8703-тен  Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер   сатып алынған көлік құралының құнынан 10 % 
25.  8903-тен  Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын кемелер  
26.  8802-ден  Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын әуе кемелері  
27.  2202-ден  Энергетикалық сусындар:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 
100 теңге/литр
140 теңге/литр
180 теңге/литр
200 теңге/литр
240 теңге/литр 

 

Ескертпе. 

*Осы тармақша кестесінің 24, 25 және 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану мақсаттары үшін осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды сатып алу құны: 

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік төлемдер мен баждарды төлеу мақсатында кедендік құнды айқындау тәртібімен; 

осы Кодекстің 518-бабының 1, 2, 4 – 8-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде сатып алынған тауарлардың құнын айқындау тәртібімен; 

осындай көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу-сату шартына немесе келісімнің өзге түріне сәйкес сатып алынып, онда көрсетілген сатып алу құны бойынша белгіленеді; 

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға жүргізіледі. 

Ескертпе. 

Тауар номенклатурасы ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады. 

54-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

Статья 1 ...535 536 537 538 539 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться