Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 596 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
596-бап. Салықтық есептілік

1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар, егер олардағы салықтың есептік сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін салықтың есептік сомасы салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған тиісті салық мөлшерлемесінің және салық салу объектілерінің баланстық құнының туындысы ретінде айқындалады. 

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады. 

2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен және (немесе) шығып қалған кезде ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті (салықтық кезең ішінде) мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде осындай төлемдердің мөлшерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөлумен ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады. 

Бұл ретте ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша келіп түскен және (немесе) шығып қалған объектілер бойынша ұсынылады. 

3. Салық бойынша декларацияны салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмейтін мерзімде: 

1) заңды тұлғалар; 

2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша; 

3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады. 

67-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ

Статья 1 ...594 595 596 597 598 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться