Ст. 712-3 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі
1. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаның салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстардың сомасына азайту, егер инвестициялар туралы келісімде осындай азайту көзделсе, жүргізіледі. Инвестициялар туралы келісім инвестициялық жоба шеңберінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай келісім жасалған қаржы жылының басында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес сомада инвестицияларды жүзеге асыру кезінде ғана салықтық міндеттемелерді осындай азайтуды көздеуі мүмкін.
Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асырған кезде оларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
2. Мемлекеттік уәкілетті орган салық төлеушімен инвестициялар туралы келісім жасасқан кезде корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша преференциялардың және көрсетілген салықтар бойынша салықтық міндеттемелерді азайтудың қолданылуы салық төлеушінің жүзеге асырылған инвестициялар шегіндегі нақты шығыстарының сомасынан аспайтынын ескере отырып, салықтар бойынша преференциялардың есеп-қисабын жүргізеді.
3. Салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстар сомасына азайту көрсетілген салықтар бойынша преференциялар қолданылған он жыл өткеннен кейін инвестициялар туралы келісімнің жиырма бес жылдан аспайтын қолданылу мерзімі шегінде қолданылады. Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін азайту инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде жүзеге асырылған нақты шығыстардың жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім осы Кодекстің 712-2-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
80-2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
Ескерту. 21-бөлім 80-2-тараумен толықтырылды – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Просьба помочь, прилетаем с командировки и обнаружили, что у нас на парковке посторонний человек устроил склад мебели. Мы вскрыли склад, мебель вывезли, после чего нашлась хозяйка и написала на нас заявление в полицию, что делать в данной ситуации? Посторонний человек ворвался на частную территорию без нашего ведома.
Кто полномочен расследовать мошеннические действия сообщества в составе полиции, судьи и прокуратуры направленные на изъятие без юридических оснований автомобиля и последующего его исчезновения. Полиция заявления оставляет без рассмотрения.
Сәлеметсіз бе! Бюджеттік мекеме ликвидация кетіп жатыр. Мекеме қызметкерлері компенсация қандай мөлшерде беріледі. Және сынақ мерзіміндегі қызметкерге компенсациялық төлем төлене ме?
Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей