Ст. 712-2 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
712-2-бап. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
1. Инвестициялар туралы келісім осы Кодекстің 712-1-бабында көзделген шарттар сақталған кезде мынадай преференцияларды көздеуі мүмкін: 1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялар туралы келісімде айқындалған, инвестициялар туралы келісім шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы алынған қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асырудан түскен кірістер бойынша 100 пайызға азайту;
2) инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициентін қолдану;
3) инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын объектілер бойынша мүлік салығын есептеу кезінде салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану;
4) инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырған кезде осы Кодекстің 394-бабының 39), 43-1) және 47) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;
5) осы Кодекстің 712-3-бабына сәйкес салық төлеушінің нақты шығыстарының сомасынан есептелген салықтық міндеттемелерді азайту.
2. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі осындай келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады және келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
3. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі келісім жасалған айдың 1-інен басталады және осындай келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
4. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-інен басталады және (немесе) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады.
5. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға осы Кодекстің корпоративтік табыс салығын азайтуды, мүлік салығы мен жер салығын есептеу кезінде төмендетілген мөлшерлемелер мен коэффициенттерді қолдануды көздейтін басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.
6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 712-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей