Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 741 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.09.2020


ҚР Салық кодексi
741-бап. Көмірсутектердің құнын айқындау тәртібі

1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген мұнайдың құны мынадай тәртіппен: 

1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде – жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде; 

2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған кезде – жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде қайта өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде; 

3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген кезде – осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берілген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

2. Жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы көмірсутектердің құны өндірілген тауарлы көмірсутектердің көлемі мен осы баптың 3-тармағында айқындалған тәртіппен салықтық кезең үшін есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

3. Мұнайдың әлемдiк бағасы салықтық кезеңдегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезеңдегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде салықтық кезеңде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының стандартты сұрыпының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы мұнай бағасының белгіленімін білдіреді. 

Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар: 

"Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзінің деректері бойынша; 

жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады. 

Мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі. 

Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында өлшем бірліктерін метрикалық тоннадан баррельге ауыстыру баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады: 

К барр. орт.өлш. = (V тонна 1 х К барр.1 + V тонна 2… х К барр.2... + V тонн n х К барр.n) / V тонна S, мұнда: 

К барр. орт.өлш. – үтірден кейінгі төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептелетін баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті; 

V тонна – мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі; 

К барр.1, К барр.2 ... + К барр.n – өндірілген мұнайдың әрбір тиісті партиясы бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері; 

V тонна S – метрикалық тоннаны білдіретін салықтық кезең үшін өндірілген мұнайдың жалпы көлемі. 

Мұнайдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқындалады: 

 
 


мұнда: 

S –мұнайдың салықтық кезең үшін әлемдік бағасы; 

P1, P2 ..., Рn – салықтық кезең ішінде бағалардың белгіленімдері жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі; 

Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; 

n – бағалардың белгіленімдері жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны. 

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі мына формула бойынша айқындалады: 

 
 


мұнда: 

Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі; 

Сn1 – "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сұрыпы бағасының күн сайынғы белгіленімінің төменгі мәні (min); 

Сn2 – "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сұрыпы бағасының күн сайынғы белгіленімінің жоғары мәні (max). 

Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының белгілі бір стандартты сұрыпына мұнайды жатқызуды мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта мұнайдың стандартты сұрыпы көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сұрыптарға қатысы жоқ мұнай сұрыпы көрсетілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салықтық кезең үшін ең жоғары болып табылатын мұнайдың сұрыпына жатқызуға міндетті. 

4. Шикі газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыру ескеріле отырып, салықтық кезең үшін бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салықтық кезеңде шетел валютасындағы белгіленімін білдіреді. 

Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға: 

1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзінің деректері бойынша; 

2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады. 

Шикі газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқындалады: 


мұнда: 

S – шикі газдың салықтық кезең үшін әлемдік бағасы; 

P1, P2..., Pn – салықтық кезең ішінде бағалардың белгіленімі жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі; 

Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; 

n – бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны. 

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі мына формула бойынша айқындалады: 


мұнда: 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық белгіленімі; 

Сn1 – "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күн сайынғы белгіленімінің төменгі мәні (mіn); 

Сn2 – "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті белгіленімінің жоғары мәні (max). 

5. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған шикі газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың құны мынадай тәртіппен: 

1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу кезінде – осы Кодекстің 745-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде; 

2) осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдалану кезінде және (немесе) өндірілген шикі газды өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалану кезінде – мыналардың: 

сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының; 

жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

Егер шикі газ мұнаймен ілестіріле өндірілсе, шикі газды өндірудің өзіндік өндірістік құны дайындауды қоса алғанда, мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде: 

шикі газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна мұнайға сәйкес келетін арақатынасында айқындалады; 

3) осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды пайдалану кезінде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі-жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дайындауды қоса алғанда, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады. 

6. Уәкілетті орган көмірсутектердің стандартты сұрыптарының әлемдік бағасын осы Кодексте айқындалған тәртіппен әрбір салықтық кезең бойынша айқындайды және ол есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. 

Ескерту. 741-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 
Статья 1 ...739 740 741 742 743 ...776

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

01 если бы было бы возможность и как не кто не может подтцказать у меня с 1998 года права не разу не попадался а тут дтп и на 7 лет и 15 суток по дтп я выиграл а по 01 нет первый раз 1.43 второй раз 1.24 это как понять



Здравствуйте!

Прошу помочь я мужчина, по приказу вышел в отпуск по уходу за ребенком, ребенок родился 01.07.20г, (раньше срока), а я вышел с работы по приказу с 14.08.20г.

Теперь ГФСС мне отказали ссылаться что приказ должен быт в день в день, как мне теперь быть куда обратится прошу помочь.

Заранее спасибо!


Отпуск за свой счёт , высчитывают в двойном размере заработной платы ,это есть такой закон?


Здравствуйте! Административно-бытовое здание принадлежит 5 собственникам в разных долях. Что создать "Простое товарищество" или ОСИ для того что бы содержать зднание.


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться