Ст. 744 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
744-бап. Салық салу объектісі
Салықтық кезеңдегі жер қойнауындағы нақты ысыраптардың Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін көлемі ескеріле отырып, салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі (пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осындай уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өткен (есепті) күнтізбелік жылда жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі туралы мәліметтерді береді.
Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды запастар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексі (бұдан әрі – KAZRC кодексі) бойынша запастарды есепке алуға көшу күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша қолданыста болатын мемлекеттік баланс шеңберінде, сондай-ақ кен орнында есептен шығарылған запастар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілетін минералды шикізат ескеріле отырып айқындалады.
Бұрын Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітпеген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша – өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар KAZRC кодексіне сәйкес пайдалы қазбалар запастары шеңберінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар запастарының есепті және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.
Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру шеңберінде жер қойнауына қайтарылған уран көлемі салық салу объектісі болып табылмайды.
Ескерту. 744-бап жаңа редакцияда – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей