Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 782 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
782-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемесін қолдануға арналған ерекше ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы өнеркәсіптік өндіру басталған күннен бастап алпыс ай ішінде 0 пайыз мөлшерлеме бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде есептеледі: 

1) жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша минералды шикізатты өнеркәсіптік өндіру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған талаптар сақталған кезде 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталды; 

2) жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі 15 пайызды және одан азды құрайды. 

Рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін игеруге байланысты шығындар (шығыстар), оның ішінде геологиялық зерттеуге, барлауға, оларды өндіруге дайындық жұмыстарына және өзге де күрделі шығындар бойынша оларды жүзеге асыру басталғаннан бастап өсу қорытындысымен есептеледі; 

3) пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы тармақта көрсетілген мөлшерлемесі қолданылған жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы өзара байланысты тараптың пайдасына иеліктен шығаруды қоспағанда, осы тармақтың ережелерін қолдану кезеңі ішінде иеліктен шығарылуға жатпайды. 

2. Рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін, жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы бойынша қорларды бірлесіп игеру не кен орнының бір бөлігі бойынша қорларды бөлек игеру үшін тізбеге енгізу тәртібін, сондай-ақ осындай тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемесін қолдану мақсаттарында жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемесін қолдануы кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы бойынша қорларды бірлесіп игеруді не кен орнының бір бөлігі бойынша қорларды бөлек игеруді жүзеге асырған жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
Статья 1 ...780 781 782 783 784 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться