Ст. 826 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
826-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің 102-бабының тәртібімен тіркелген шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады.
Осы тармақтың мақсатында осы Кодекстің 100 және 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.
2. Қосылған құн салығын төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың бірі орындалса:
Қазақстан Республикасы сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылса;
Қазақстан Республикасының аумағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сатып алушы жеке тұлға пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері болып табылса;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе, осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.
3. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.
4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтарылуға жатпайтын, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 509-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 814-бап. Салық мөлшерлемесі ҚР Салық кодексi 811-бап. Салық декларациясы ҚР Салық кодексi 788-бап. Төлеу мерзімдері ҚР Салық кодексi 827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі ҚР Салық кодексi 831-бап. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық мөлшерлемелердің қолданылуы бойынша өтпелі ережелерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей