Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 828 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
828-бап. Өтпелі ережелер

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша бұрын есептелген және мемлекеттік бюджетке аударылмаған жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды жүргізбейді. 

2. Егер жеке тұлғаның салық салынатын кірісін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 353-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кешірек өтініш жасауы себебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі жеке тұлғаның кірісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген салықтық шегерімдер қолданылмаса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растаушы құжаттарды ұсынуға құқылы, олардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді. 

Бұл ретте 2021 жылғы 1 қаңтар – 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді қайта есептеу бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтар – 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде айқындалды.

Статья 1 ...826 827 828 829 830 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться