Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 87 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
87-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді салық органы мынадай: 

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешек сомасы шегінде; 

2) деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларда көрсетілген шағымданатын сома шегінде жүргізеді. 

Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен жүргізіледі. 

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық зерттеп-қарау актісімен расталған тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жерінде болмаған жағдайда, билік ету шектелген мүліктің тізімдемесін жасау салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуынсыз жүргізіледі. 

2. Мыналарға: 

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне; 

электр, жылу және өзге де энергия түрлеріне; 

сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдеріне немесе шикізатқа билік ету шектелуге жатпайды. 

3. Лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтатылғанға дейін қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкі алып қоюға жатпайды. 

Жалғыз тұрғынжай заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана алып қойылуға жатады. 

4. Салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күші жойылғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) шарт талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, сублизингке және (немесе) қайта кепілге қоюға) тыйым салынады. 

5. Салық органы мынадай: 

1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомасын төлеу арқылы өтеген; 

2) уәкілетті органның шешімімен немесе заңды күшіне енген сот актісімен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған; 

3) тіркеуші орган мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасаған; 

4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншікке қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайларда мүлікке билік етуді шектеудің күшін жояды. 

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім, билік ету шектелген мүлікті тізімдеу актісі, мүлікке билік етуді шектеуді жою туралы шешім тіркеуші органға жіберіледі және салық төлеушіге (салық агентіне) ұсынылады.
Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться