Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
40-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі – салық органымен және осы Кодекспен реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда: 

1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам; 

2) құрылтай құжаттарының және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – заңды тұлға не оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің (салық агентінің) мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлға. 

Салық төлеуші (салық агенті) салық органының ақпараттандыру объектісі арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы. 

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің (салық агентінің) атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться