Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 94 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
94-бап. Салықтық тіркеу жөніндегі жалпы ережелер

1. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, салық төлеушілерді салықтық тіркеу салық төлеушілердің базасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. 

Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялар осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жатады.  

2. Салық төлеушілер базасын қалыптастыру: 

1) жеке тұлғаны, оның ішінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды, резидент-заңды тұлғаны, сондай-ақ осындай тұлғаның құрылымдық бөлімшесін, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеуден; 

2) мыналарды: 

бейрезидент-заңды тұлғаны, дипломатиялық өкілдікті (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – бейрезидент-заңды тұлға); 

дара кәсіпкерді; 

жеке практикамен айналысатын адамды; 

тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жататындарды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушіні; 

жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен тұрады. 

3. Салық төлеушiлер базасы салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi енгiзу және алып тастау, мұндай мәлiметтерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу, сондай-ақ тiркеу есебiне қою және осындай есептен шығару арқылы қалыптастырылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді салық органы уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент-банктердің нөмірлер тізілімдерінің мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген салық төлеушінің салықтық өтініші немесе хабарламасы негізінде жүргізеді. 

4. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органының тіркеу есебінен шығаруы мынадай: 

1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе оны қайтыс болған деп жариялау; 

2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуі және оның азаматтығын тоқтату; 

3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы; 

4) резидент-заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін нөмірлер тізілімінен алып тастау немесе бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару; 

5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тиімді басқару орнын (нақты басқару органының тұрған жерін) өзгерту негіздері бойынша жүргізіледі. 

5. Салық органы осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні шығарып тастайды. 

Салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші туралы ақпарат шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс. 

6. Салық органы мониторинг жүргізу арқылы осы тарау талаптарының сақталуын тексереді.  

7. Салық төлеушілерді салықтық тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

1-параграф. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінің ерекшеліктері

Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться