Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 96 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері

1. Салық органдары бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен салықтық өтініші бойынша мынадай: 

1) бейрезидент тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатқан; 

2) егер мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда бейрезиденттің мүлкіне, акцияларына және (немесе) қатысу үлесіне құқықтары тоқтатылған; 

3) бейрезиденттің қызметі осындай бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы тоқтатылған; 

4) дипломатиялық өкілдіктің қызметі тоқтатылған; 

5) бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоты болмау шартымен резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген осындай бейрезидент-заңды тұлғаның шоты жабылған, сондай-ақ резидент-банктің хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде ағымдағы шот ашылғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайларда шығарады. 

2. Салық органы мыналарды: 

1) сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның осындай тұлғалардың қызметін тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде – дипломатиялық өкілдікті; 

2) тәуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде – осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызметін бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны; 

3) резидент-банктің бейрезиденттің ағымдағы шотын жабу туралы жіберген хабарламасының негізінде – резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, салықтық өтінішінің негізінде бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығарады. 

2-параграф. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінің ерекшеліктері

Статья 1 ...94 95 96 97 98 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться