Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
8-1-бап. Мәмілелер жасасу кезінде банктерге қойылатын шектеулер

1. Банк: 

банк конгломератына қатысушылар болып табылатын тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін; 

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін талаптарға мөлшері мен түрі сәйкес келетін, қамтылымы бар банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін; 

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері жоқ тұлғаларға берілетін банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, осы Заңның 40-бабына сәйкес айқындалатын, өзімен ерекше байланыста болатын тұлғаларға банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. 

2. Банк мынадай талаптардың біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаға (Қазақстан Республикасының резидентіне және резиденті емеске): 

1) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе осындай тұлғаға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға туралы ақпарат болса; 

2) жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке тұлғалар туралы ақпарат болса; 

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) барлық меншік иелері туралы ақпарат болса; 

4) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайтын заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді; 

5) уәкілетті орган белгілеген тізбеге кіретін халықаралық ұйым болып табылса; 

6) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді; 

7) осы тармақтың 4)–6) тармақшаларында көрсетілген, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса; 

8) инвестициялық қордың басқарушы компаниясы, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, аталған инвестициялық қордың акционерлері (пайшылары) болып табылатын және заңды тұлғаға бақылау жасауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса; 

9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ашу тәртібі белгіленетін ақпараты бар заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. 

2-1. Банк "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматына банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан банктік қарыз шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес. 

3. Осы баптың 2-тармағының талаптары шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын мөлшерден аспайтын банктік қарыздар мен банк кепілдіктеріне қолданылмайды. 

Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі есеп айырысу тәртібін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі айқындайтын мөлшерден аспауға тиіс. 

4. Банктің осы мәмілені алдын ала банктің директорлар кеңесінде бекіттіріп алмай, құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы мәмілені алдын ала Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде бекіттіріп алмай, құны Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері сомасының он пайызынан асатын, резерв ретінде қабылданған активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады. 

Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 8‑1 9 10 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться