Банкроттық туралы
95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы
1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекiтiлген кезге дейiн өз талаптарын конкурсты басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы. 2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалануы туралы есептi қоса өзiнiң қызметi туралы қорытынды есептi сотқа табыс етедi.
Конкурстық басқарушының қорытынды есебi ол сотқа табыс етiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс. 3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебiн бекiту туралы сот ұйғарымының негiзiнде борышкер қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәлiметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне немесе Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорына енгiзiлген кезден бастап таратылды деп есептеледi, бұл таратылған борышкердiң кредиторлар алдындағы берешегiн есептен шығару үшiн негiз болып табылады. 4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.
Жоқ борышкердiң мүлкi болған жағдайда уәкiлеттi орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлiктi сатудан түскен ақша жоқ борышкердi таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкердi таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгiленген кезектiлiкке сәйкес тиiстi кезектегi кредиторлар арасында бөлiнедi.
Ескерту. 95-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 8-тарау. СОТТАН ТЫС ТАРАТУ РӘСIМДЕРI Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 9-тарау. ҚАЛА САЛУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей