Ст. 47 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
47-бап. Баланың туу тегін анықтау
1. Баланың анасы жағынан туу тегін (анасын) ананың баланы медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттардың негізінде тіркеуші орган анықтайды.
Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған, оның ішінде анасының жеке басын куәландыратын құжаттар және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорда мәліметтер болмаған жағдайда, оның туу фактісін растайтын туу туралы медициналық куәліктің негізінде тіркеуші орган анықтайды. Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың туу фактісі сот тәртібімен белгіленеді.
2. Бір-бірімен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы куәлігімен расталады.
Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегі суррогат ана болу жөнінде жасалған шарт негізінде куәландырылады.
3. Егер өзгеше дәлелденбесе, бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз деп танылған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екi жүз сексен күн iшiнде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып танылуы мүмкін.
4. Егер баланың анасы өзінің жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесі емес деп мәлімдесе, баланың әкесі баланың өз анасының және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының бұл туралы жазбаша өтініші болған кезде, осы баптың 5-тармағында немесе осы Кодекстің 48-бабында көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.
5. Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады. Анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының болған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен баланың әкесiнiң өтініші бойынша, мұндай келiсiм болмаған кезде - сот шешiмi бойынша анықталады.
Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы одан:
қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн ішінде;
қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн ішінде;
баланың анасы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын жағдайда, қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн iшiнде (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күн iшiнде ) оны күтіп-бағу бойынша шығыстарға тиiстi ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Ақша қаражатының мөлшерi және төлемдердің кезеңділігі тараптардың материалдық және отбасылық жағдайы мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, ақша қаражаты төленетін кезге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiшке еселенген арақатынаспен айқындалады.
6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі ретінде адам көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастауды тіркеуші орган соттың тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешімі негізінде жүргізеді.
Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адамға қатысты әке болуды анықтауға - тек қана оның келiсiмiмен, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жол берiледi.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Салеметсизбе Мен косметолог маган пациентка келып Блефаро операциясыз Жане ерын жасатып алып довольная болып аулна кетеди ремонт уйн жасауга и быр козы жип кузылып маган заявление жазып 421 мын маган салып отр до и после из лягушки в принцессу болган результат маган козы жилы узылып акшамды кайтар Деп коймап еды коррекция жасаймын келыныз десем. Келмей
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 49-бап. Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 50-бап. Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 51-бап. Әке (ана) болуды даулау ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей